Эта страница -
О насКонтактыОбратная связь
[Banner 235x270 ]
23 Ақпан 2012

Жаңалықтар

12 желтоқсанда Астанада «Қазақстан Республикасының тәуелсіз 20 жылындағы адам құқығы институтының дамуы мен мәртебесі» атты эксперттік конференция өтеді

Шара Қазақстандағы құқықтың, негізгі құқықтардың, бостандық пен мемлекеттің араласпау мәселесіндегі міндеттемелерінің жүзеге асырылуы мәселелерін талқылауға арналады. Конференция барысында Қазақстандағы адам құқығы саясаты мен механизмдерінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындалады.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасының тәуелсіз 20 жылы ішінде адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттардың орындалуындағы негізгі жетістіктерді, Республиканың Адам құқығы саласындағы Ұлттық іс-қимыл жоспарының негізгі ережелерін, Қазақстандағы адам құқығын қорғаудың қазіргі қауіп-қатерлерін талқыға салады.
MediaNet халықаралық журналистика орталығы жастар ға арналған тегін мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды

MediaNet халықаралық журналистика орталығы онлайн-медиа журналисті болғысы келетін жастар ға арналған тегін мультимедиалық интернет-журналистика курсына қабылдау кезеңін ашық деп жариялайды.

Сабақ беру әдісі интернет-журналистика саласына қатысты көпвекторлы білімді игеруге және қолдануға бағытталған. Сабақ барысында тыңдаушылар интернет-мәтін жазуды, аудио және видеокасттар, слайд-шоу жасауды үйреніп, фото, видеотүсірілімдер жүргізудің қыр-сырын меңгереді.

Жарияланымдар

Қазақстан «Живой журнал» әлеуметтік желісіне тағы да тосқауыл қойды

Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты танымал блог-платформа саналатын «Живой журналды» (livejournal.com) Қазақстанға таратпау жөнінде шешім шығарды. Қазақстандық блогерлер мұның саяси астары бар деп біледі.

Қазақстандық интернет-пайдаланушылар бірнеше күннен бері «Живой журнал» блог-сервисін аша алмай, «тағы да уақытша кедергілер қойылған болар» деп ойлаған еді. Алайда бұл жолы ондай болмай шықты.

жарияланымдар

Мультимедиа

Мероприятия

[Banner 250x291 Рынок масс-медиа Казахстана]
[Banner 250x51 ]
[Banner 174x90 ]
[Banner 220x90 ]